Бүгін Халықаралық отбасы күні аясында әнші, композитор, Дулат Айтжановтың шығармашылық кеші өтеді. Кеш қонақтарын облыс әкімі Асхат Шахаров қабылдап, өнер майталмандарына құрмет көрсетті. Олар – Халық әртісі Майра Ілиясова, мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Нұрлан Өнербаев, Еркеғали Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармония әншісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Арайлым Рахымқызы. Сонымен бірге отбасылық өнерлерімен танылған жерлестеріміз – Қанат-Света Айтбаевтар мен Мирас-Құралай Бекжановтар да бар. Қабылдау кезінде отбасы құндылықтары мен өнердің қоғамдағы маңызы туралы сөз болды. Өнер әлемінде отбасылық құндылықтарды дәріптеп жүрген Дулат пен Рита Айтжановтарға алғысын жеткізіп, бүгінгі шығармашылық кештің жоғары деңгейде өтуіне тілектестігін білдірді. Композиторға «Қазақстан Республикасының мәдениет саласының үздігі» төсбелгісін табыстады.