Шаһарда әр бөлігінде Отбасы күніне арналған мерекелік шаралар жалғасып жатыр. Айталық бүгін қалалық қазақ зағиптар қоғамы мәдениет үйінде көру мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған концерт болды. Оған көрермен ретінде аталған мәдениет үйі жанындағы «Шаңырақ» клубының қызметкерлері отбасымен бірге қатысты. Өнерпаздар сахнада ән шырқап, өлең оқып, ата-ана мен бала арасындағы көзге көрінбейтін асыл құндылықтарды дәріптеді.