Шалқарда балаларға арналған су жаңа оңалту орталығы іске қосылды. Нысан "Қазақстан халқына" қорының "Аудандық оңалту орталықтары" қайырымдылық жобасы аясында пайдалануға берілді.
Жылына 600 балаға дейін қамти алатын медициналық мекеме тек Шалқар ғана емес, Ырғыз және Байғанин аудандарының тұрғындарына қолжетімді және сапалы оңалту қызметін ұсынуға әзір.