Облыс әкімі Қытайға жасаған іскерлік сапарының қорытындысы бойынша қалада Қытай халық республикасының Бас консулымен жүздесті. Го Юйға сапарды ұйымдастыруға және сүйемелдеуге қолдау білдіргені үшін алғысын білдірді.


Өз кезегінде Бас консулы делегацияның сапарын жоғары бағалап, қол жеткізілген келісімдердің болашағына сенім білдірді. Еске салсақ, Қытайда өткізілген кездесулер нәтижесінде 1 миллиард АҚШ долларынан астам сомаға меморандумдар бекітілді. 


Атап айтқанда Хромтау ауданында жалпы қуаттылығы 300 МВт болатын екі жел электр станциясы, өндірістік қуаттылығы тәулігіне 5000 тонна болатын клинкер цемент зауыты салынуы ықтимал. 


Сонымен бірге орташа көміртекті легирленген болат өндіру зауытын, Әйтеке би ауданындағы «Бенқала» кен орнында мыс концентратын шығару фабрикасын салу жобаларын іске асыру жоспарланды.