Шаһарда колледж оқытушылары арасында облыстық спартакиада өтті. Спорттық додаға бес жүзден астам үміткер қатысты. Олар тоғызқұмалақ, асық ату, үстел теннисі, волейбол, шағын футбол сияқты алты түрлі спорт түрінен сынға түсті.
Оқ бойы озық шығып, жеңімпаз атанған командалар республикалық кезеңге жолдама алды.
Айта кетейік, республикалық кезең екінші және сегізінші маусым аралығында Алматы қаласында өтеді