Қалада «Қауіпсіз жол» республикалық профилактикалық іс-шарасы аясында «Мото» шеруі өтті. Өңір аумағында жол-көлік оқиғаларын болдырмау, жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді мақсат еткен шеруге ондаған жүргізуші қатысты. Шара барысында тәртіп сақшылары жол қозғалысының барлық қатысушысына ереже сақтаудың маңызын түсіндірді.