Алдағы үш күн аймақта жауын-шашынды болады. Синоптиктер 13-15 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Ертең, яғни 13 мамырда мамыражай күндерді бұлтты ауа райы алмастырып, жаңбыр жауады, найзағай болады. 


Ал, күндіз бұршақ жаууы ықтимал. Әсіресе облыстың батыс, солтүстік бөліктерінде жел күшейеді. Ал, оңтүстік шығыстан соққан желдің екпіні секундына 9-14 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 13-18 градусты көрсетсе, күндіз сынап бағаны 31 градусқа дейін көтеріледі. 


Жауынды бірақ, ыстық ауа-райы алдағы үш күн сақталады.