Өңірде үздік шахматшылардың басын қосқан “Владимир Дворкович мемориалы - Aktobe Open 2026” халықаралық шахмат фестивальі өтіп жатыр. Жарыс Masters және Open екі турнир аясында өткізіледі. 20-дан астам гроссмейстер қатысып жатқан ауқымды дода 10 күнге созылмақ.