Футболдан Қазақстан Премьер-Лигасының 8-турында "Ақтөбе" семейлік "Елімай" командасын өз алаңында қабылдап, 1:0 есебімен жеңіске жетті.
Алғашқы таймда қос команда да бір-біріне қауіпті шабуыл жасағанымен, есеп ашылмады. Дегенмен 54-ші минутта ақ-қызылдар командасының жартылай қорғаушысы Әлібек Қасым айып соққысынан керемет гол салып, жанкүйерлеріне қуаныш сыйлады.
Ал жалпы есеп бойынша турнир кестесінде "Ақтөбе" 19 ұпай жинап, екінші орынға көтерілді.