Прокуратура әйелді кепілге алып, оның анасы мен өгей әкесін өлтірді деген күдікке іліккен ақтөбеліктің ісін сотқа жолдады. Тергеу барысында күдікті танысымен жанжалдасып, кейін үйіне заңсыз кіргені анықталды. Сөйтіп екі адамды өлтіріп, жәбірленушіні күштеп ұстап отырған. «Арлан» арнайы бөлімшесінің жедел әрекетінің нәтижесінде жәбірленуші босатылып, күдікті оқиға орнында ұсталды.