Адамзат тарихындағы алапат соғыстың аяқталғанына-80 жыл. 1418 күнге созылған қанды қырғынға Қазақстаннан 1 млн 200 мың жауынгер аттанды.
Оның 122 мыңнан астамы-ақтөбелік. Бүгін Жеңіс мерекесінде жылдағы дәстүрмен облыс әкімі бастаған топ, мемлекеттік құрылым өкілдері және қала тұрғындары мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойып, отан үшін қасық қаны қалғанша жаумен алысқан ата-баба рухына тағзым етті.