АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫН ДАМЫТУ ЖОСПАРЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
Қала іргесінде жаңадан бой көтерген тұрғын алаптардың инфрақұрылым мәселесі шешімін табады. Облыс орталығында жаңа форматтағы аялдамалар орнатылып, Есет батыр, Жаңақоныс елдімекендерінде мәдениет үйлері пайдалануға беріледі. Ақтөбенің әлеуметтік-экономикалық даму жоспары облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен жиында таныстырылды. Шаһарды абаттандыру арқылы қала тұрғындарына жайлы орта қалыптастыру жобаларына баса назар аударылды