Балалар мен жасөспірімдер арасындағы хор музыкасының аймақтық чемпионаты өтті. Өнер жарысы өңірде алтыншы рет ұйымдастырылып отыр.
Биыл бұл сайыста 30-дан астам топ бақ сынайды. Ережеге сай әр топ 2 туынды орындайды. Жеткіншектердің өнерін бағалау үшін елге танымал хор мектебінің жетекшілері арнайы шақырылды.