Елімізде зорлық-зомбылық пен буллингке қарсы бірқатар шаралар қолға алынған. Соның бірі - педагогтерге балалармен жұмыс істеуді тереңірек үйрету, білім ошақтарында келеңсіз жағдайлардың алдын алуға әзірлеу. Бұл іспен "Өркен" ұлттық-ғылыми практикалық институты айналысып жатыр. Қазіргі уақытта облыстың шалғай аудандарынан жиналған 25 тыңдаушы екі апталық курста білімін жетілдіріп жатыр