Нашақорлық – адам денсаулығы мен болашақ ұрпаққа қауіп төндіретін қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі. Полицейлер оның зияны мен салдары туралы құлақтандыру мақсатында тұрақты негізде түрлі алдын алу іс-шараларын жүргізеді. Мәселен Хромтау ауданында "Нашақорлыққа жол жоқ!" профилактикалық шарасы өтті. Онда белсенді қала жастары мен тәртіп сақшылары ақпараттық парақшалар таратып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Толығырақ тілші айтып береді.