Жыл басынан бері облыс аумағында 160-қа жуық өрт оқиғасы тіркелді. Қызыл жалын салдарынан екі адам көз жұмып, бес адам түрлі деңгейдегі дене жарақатын алды. Оқыс оқиға 40 миллион теңгеге жуық материалдық шығын әкелді. Биылғы маусымда күн жылдағыдан ыстық болады деген болжам бар. Сондықтан өңірде өрт қаупі жоғары кезеңге дайындық күшейді.