Сексенге келген студенттер бүгін университет тәмамдап, сертификат алды. 170 қария заманға сай бейімделген жаңа бағыттар бойынша білімін жетілдірді.
Бұл "Күміс университет" жобасы аясында жүзеге асырылып отыр. Зейнеткерлер 2 ай бойы жоғары оқу орнында цифрлық технология, вальс, тіл үйрену және спорт бөлімдері бойынша тәлім алды.