Санкт - Петербург қаласының құрметті азаматы Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына орай Батырдың музейіне 100 жәдігер тапсырды. Мемориалдық мұражай "Жәдігер сыр шертеді" акциясын қорытындылады. Бүгінде он бір мыңнан астам экспонат сақтаған қор биыл тағы қандай ерекше құнды заттармен көбейді? Әріптесім айтады.
{СЮЖЕТ }
Батырдың мерейтойы қарсаңында Әлия музейі жүздеген жәдігермен толықты. Мұражай қорын толтыруға айтарлықтай үлес қосқан жандардың бірі Ресей мен Кеңестік кинемотографистер одағының мүшесі , актер, Санкт - Петербург қаласының құрметті азаматы Шерхан Әбілов. Ол 100 жәдігер тапсырды. Бүгінгі шараға онлайн қатысты. Ал, қала тұрғыны Қайрат Нұсқабаев әкесі, соғыс ардагері Абдолла Нұсқабаевтың құнды дүниелерін әкелді.
СЮЖЕТ Әлия музейі 17.04.2025 13:41:59
ҚАЙРАТ НҰСҚАБАЕВ
А. НҰСҚАБАЕВТЫҢ ҰЛЫ
Ал, батырдың нағашы туысы Ария Хабиева әкесі Бисембай Хабиевтің медаль-ордендерін, жеке заттарын әкелсе, Жауынгерлік бауырластық қоғамдық қорының төрағасы "Әлия" іздестіру тобының тарихынан сыр шертетін тарихи заттармен бөлісті.
ГУМЕР ГАЛИЕВ
"ЖАУЫНГЕРЛІК БАУЫРЛАСТЫҚ" ҚҚ ТӨРАҒАСЫ
Аударма: Соғыс тақырыбына жазылған кітаптар, іздестіру тобының қазба жұмыстарына арналған киімдері бар. Рация, радиостанция, танкішінің шлемофоны да енді мұражайға келушілер үшін жәдігер ретінде қойылатын болады. Мұражай қорына тапсырылған әр зат құнды.
Сондай-ақ, музей ардагерлері мәдени орданың тарихына қатысты жинақтаған материалдары мен фотоларын тапсырды. Жазушы Әмір Оралбайдың "Әлия" повестін жазған машинкасы, Әлия гүлі би ансамблінің марапаттары да музей қорына сақталды. Айта кеткен жөн, мұражайда барлығы 11 243 жәдігер бар.