23 сәуір елімізде - Ұлттық кітап күні. Мұны Мемлекет басшысы былтыр Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында ұсынды. Енді жыл сайын бұл күнге арнап кітап көрмесі ұйымдастырылады, ақын-жазушылармен келелі кештер, оқырмандармен жүздесу және оқу марафондары өтетін болады.

Мұндағы мақсат – қоғамда оқу мәдениетін қалыптастырып, озық ойлы мемлекетке айналу. Бүгінде облыста 233 кітапхана, 74 ауылдық модельдік кітапхана, 30 коворкинг орталығы жұмыс істеп тұр.

Айта кеткен жөн, еліміз бойынша барлық кітапханада Ұлттық кітап күніне арналған апталық басталды.