Өңірде "Таза Қазақстан" акциясы жалғасып жатыр. Бүгін «AMANAT» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанаты белсенділері қаладағы «Бауырластар зиратының" маңын тазартты.
Мұнда соғыс жылдары жараланып, ақтөбелік ауруханаларда көз жұмған 300-ге жуық кеңес жауынгері жерленген. Жастар киелі орындардың айналасындағы қураған шөпті жұлып, шашылып жатқан қоқысты қаптарға салып, жан-жағын тап-тұйнақтай етті.