Хромтау ауданында "Еңбегі жанған арулар" атты форум өтті. Кенді өлкенің кәсіпкер әйелдері кездесіп, өзара тәжірибе алмасты. Ашық диалог алаңы бизнестегі қыз-келіншектерді қолдау, жаңа серіктестікке жол ашу және ел экономикасындағы әйелдердің рөлін арттыруға арналды .