Жыл басынан бері несиесін төлей алмай жүрген жеті жүзден астам тұрғын "Қарызсыз қоғам" жобасының көмегіне жүгінген.
Ондағы мамандар келіп түскен өтініштерді саралай келе, 240 азаматтың несиесін қайта құрылымдаған. Яғни, қарызын төлеуді кешіктіргендерге пайызсыз төлеу кестесін құрып беруге көмектестен. Ал 20 адамның өтініші соттан тыс банкроттыққа жолданса, әзірге олардың екеуінің ғана қарызы кешірілген. Қалғаны қаралып жатыр.
Сонымен қатар, банкроттық талаптарына сәйкес келмейтін 10 борышкер мұндағы заңгерлерден кеңес алды.