Қаладағы Астана ауданында тұрғындары көптеп серуендейтін
бірқатар көшеге 133 дана жаңа орындық пен қоқыс жәшігі орнатылды. Құрылыс-монтаждау жұмыстарына 40 млн теңге қаржы жұмсалған.
Құзырлы сала мамандары мұндай абаттандыру жұмыстарының жаз бойы жалғасатынын алға тартады. Өйткені, аудан бойынша әлі де бірнеше көшеде тынығатын орындар ескірген.
Сондай-ақ, елдімекендерге кіре беріс жолдарға қиыршық тас төсеу де жоспарда.