Жеңістің 80 жылдық мерейтойы және Кеңес одағының батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдығы қарсаңында ақтөбелік оқушылар облыс орталығындағы батыр музейіне экскурсияға барды. Жас өрендер заманауи технологиялардың көмегімен қайта жасақталған музейдің ішін аралап-көріп, сұрапыл соғыс кезіндегі тарихи жәдігерлер танысты. Балғындар Әлия Молдағұлованың кіндік қаны тамған Бұлақ ауылындағы 3д көріністерді, ұрыс даласындағы ерлігін және хат жазып отырған галлограммасын көріп, таң -тамаша болды.