Волонтерлік — бұл адамдарға көмектесу ғана емес. Ол студенттер мен оқушылардың тұлғалық дамуы мен адами құндылықтарын арттыруға бағытталған құрал.
Осы қағиданы ескерген облыстық жастар ресурстық орталығы жақында «Volunteer School - 2025» жобасын қолға алған болатын. Жоба аясында қалада 5 күндік курс та өтіп жатыр. Онда қатысқан 50-ден астам белсенді жас күн сайын түрлі сала мамандарынан кеңес алып келеді.
Бүгін оларға заң өкілдері арнайы тренинг өткізді