Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін мемлекеттік қызметшілер арасындағы спартакиада биыл да жалғасын тапты. Бұл жолы қалада өтіп жатқан тартысты дода Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына орай ұйымдастырылды. Мемлекеттік қызметшілер бірнеше командаға бөлініп, спорттың 8 түрінен бақ сынады. Спартакиада 18-ші сәуірге дейін жалғасады.