Қаржылық қауіпсіздік - әр адам үшін өзекті мәселе. Әсіресе интернет алаяқтықтың алдын алу үшін қаржылық сауаттылықтың болуы маңызды. Осы мақсатта өңір жастары үшін арнайы тренинг ұйымдастырылды. Тақырып аясында дәріс оқылып, тестілеу өтеді. Сынақтан сүрінбей өткендері республикалық олимпиадаға жолдама алады.