Көктем келсе суға кетеміз деп қауіптенетіндердің бірі құрашасайлық ағайын еді. Бірақ соңғы екі жылдан бері ауылдықтар алаңсыз жүргендерін айтады. Жұрт үш жыл бұрын салынған бөгеттің пайдасын көріп отыр. Екпіндетіп келген қызыл суға тосқауыл болған бөгет биыл да өз міндетін тиісті деңгейде атқарыпты.