Кеңес одағының батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына орай облыс ардагерлері арасында шахмат турнирі ұйымдастырылды.
Зияткерлік спорт сайысына қатысушылардың үлкені 90-ға таяса, ең жасы алпысты алқымдаған қариялар. Үздік спортшылар ҚР Парламенті Сенатының кубогі үшін өтетін республикалық додаға жолдама алды.