Ойыл халқы қазір өзеннен қайықпен өтіп жүр. Ескі көпір жарамсыз, жаңасының құрылысы енді басталды. Ал өткелді таяуда ғана су шайып кетті.

Облыс әкімі жұмыс сапары кезінде техникалық көпірдің де құрылысын қарап шықты. Қатынас қашан қалпына келеді?