Төрле Наурыз. Ұлыс мейрамын тойлауда балабақшалар да қалыс қалмады. Мектепке дейінгі ұйымдарда ұлттық құндылықтарымыздан сыр шертетін ертеңгіліктер ұйымдастырылды.

Балғындарға күн мен түн теңелетін көктемнің шуақты мерекесінің маңызы айтылып, ерекшелігі дәріптелді. Ұлық мереке туралы түсініктерін қалыптастырды. Кішкентай өнерпаздар ән айтып, би билеп, ұлттық нақыштағы киімдерін көрсетті.

Наурызнама тұжырымдамасына сәйкес онкүндіктің әрқайсысында балаларға ертеңгілік ұйымдастырылып, мерекелік шара өткізіледі.