Өткен жылы жұмыссыз қалған 20 мыңнан астам ақтөбелік мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жәрдемақы алған. Жалпы төлем сомасы 6 млрд теңгені құрады. Бұл– жұмысынан айырылған адамдардың табысының сақталуын қамтамасыз ететін мемлекеттік кепілдік. Қолданыстағы заңға сәйкес, жұмыссыз қалған қызметкерлер 6 айға дейін әлеуметтік төлем алуға құқылы. Қанша уақыт берілетіні міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіндегі өтіліне байланысты. Ал көлемі соңғы 2 жылдағы табысының 45 пайызына тең болады .