Құрылтайда айтылған әр мәселе қоғам үшін өте маңызды. Ақтөбелік зиялы қауым өкілдерінің пікірі осындай. Ұлттық мүдде жолында маңызды шешімдер қабылдаған алаңда Президент көпке ортақ күрделі мәселелерді қозғап, олардың шешу жолдарын көрсетті.

Оның қатарында елдің ертеңі болар білім, ғылым мен жастар тақырыбы кеңірек айтылды.