Алаштың асыл тұлғаларымен қатар аталатын ұлдарының бірі – Жұмабек Ахметұлы Тәшенов. Тарих сахнасында есімі алтын әріппен жазылған қайраткердің ерен істері бүгін ұлықталды. Шара оның есімі берілген №68 жалпы білім беретін орта мектебінде өтті.
Жиынға зерттеушілер мен мектеп ұжымы қатысты. Алдағы уақытта да тұлғаның құрметіне ілкімді істер атқару жоспарланған.