«Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға». 25 жылға жуық ғұмырын білім саласын дамытуға арнаған Бағдашжан Молдашева осы аталы сөзді ұстанып келеді. Қарапайым ұстаздықтан білікті басшыға дейін жеткен маман өткен аптада ғана мемлекет басшысының қолынан "Құрмет" орденін алды. Жоғары наградаға ие болған педагогпен әріптесім тілдесіп келді.