Өңірде су тасқынына қарсы жедел штаб жұмысын бастады.

Тұрғындар ахуалдық орталықтың 109 номеріне немесе 112-ге хабарласып, өз шағымын айта алады. Сондай-ақ, төтенше жағдайлар қызметкерлері қала мен 12 ауданда күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.

Әзірге олар қауіп тудыратын аумақтарды бақылап, бітелген арықтардың қарын аршуды қолға алды. Қажетті техника мен құтқарушылар саны да жеткілікті.

Алдағы аптада Маңғыстау мен Қызылордадан көмекке қосымша күш келмек.