Һ Аспаз, тігінші, дизайнер, кондитер маманына қызыққан жастар үшін колледж ұжымы оқу орнының мүмкіндіктерін таныстырды. Қазір бұл мамандық иелеріне сұраныс жоғары. Жұмысшы мамандықтар жылына орай қаладағы орта арнаулы оқу орындары мектептерді аралап, жоғары сынып оқушылары үшін ақпараттық насихат жұмыстарын жүргізіп жүр. Білім алушы жастардың қолынан шыққан бұйымдардан көрме әзірлеп, киім үлгілерінен сән көрсетілімін ұйымдастырды.