Облыста көктемгі су тасқынының алдын алу жұмыстары жалғасып жатыр. Егер күн райы күрт жылынып, жаңбыр жауса, қызыл су жағаға жайылуы мүмкін.
Сондықтан мамандар қауіптің алдын алу үшін Алға ауданы Есет батыр ауылындағы Шолақ және Қарақобда бөгеттерінде мұз жарды.