Кимешек киген 100 әже, ақ жаулық тартқан 100 келіннің шеруі бүгін Есет батыр тұрғын алабында мерекенің көркін қыздырды. Көрісу күнін «Геолог» мәдениет үйі осындай ерекше форматта атап өтті. Киіз үй тігіліп, қазан көтерді.

Жиналғандар наурыз көжеден дәм татып, концерт тамашалады.