Көктемгі тасқын суды қабылдау үшін өңірдегі үш бірдей су қоймасы әзір. Арнасы босатылып, жөндеу жұмыстары да жүргізілді. Қазгидрометтің болжауынша, Ақтөбе су қоймасына 300 млн текше метр су келеді деп күтілуде. Ал онда қазір 200 млн текше метр су сыятын бос орын бар. Болжам расталған күннің өзінде де қорқуға себеп жоқ, дейді мамандар. Ал, Қарғалы мен Сазды су қоймалары тасқын кезеңін толықтай қауіпсіз өткізе алады. Айта кеткен жөн, былтыр Ақтөбе су қоймасы күрделі жөндеуден өтті. Ал, биыл Қарғалы су қоймасы жөнделеді деп жоспарланған