Ауылдық іскер жандардың бағын ашқан бағдарлама. "Ауыл аманаты" бағдарламасы туралы бесқопалық кәсіпкердің пікірі осындай. Бұлай деуге себеп те жоқ емес. Жоба іске қосылған жылда біразының жоспары жүзеге асқан. Бір ғана Алға ауданы Есет батыр ауылының өзінен былтыр 26 ауылдық шағын және орта бизнестен өз орнын тапты. Бүгінде ілкімді істері ілгері басқан кәсіп иелері көп.