"Теріс ағымдарға, қазақтың болмысына жат идеологияларға тосқауыл қою қажет. Елімізде дін бостандығына кепілдік берілген. Бірақ жүгенсіздікке, тәртіпсіздікке жол беруге болмайды".
Ұлттық құрылтайдың отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деп те айтты. Мемлекет басшысы бет-жүзін тұмшалап, жат діннің жетегінде кеткендерді сынға алып, өзіміздің ұлттық киімдерімізді дәріптеу керегін қадап айтты.