Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы кәсіпкерлерді өңірлердегі театрларға қолдау көрсетуге шақырды. "Қазір Қазақстанда 46 аймақтық театр бар. Алайда оның көпшілігінің жай-күйі мәз емес.
Мысалы, Семейде бір ғимаратта үш бірдей театр сығылысып отыр. Әсіресе, аймақтарда театрларды дамытуға баса назар аудару керек",- деді Президент.
Маңызды диалог алаңында театр мен кино тақырыбының қозғалуы көңілге қуаныш сыйлады дейді өнер майталмандары.