Саға және Қожасай ауылдарында медициналық пункт ашылды. Емдеу орындары "Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасы аясында салынды. Типтік ғимарат 20 келушіге арналған.
Жаңа нысан қажетті заманауи құралдар және жиһазбен жабдықталған. Медициналық пункттің ашылуына Мұғалжар ауданының әкімі Дархан Ермағанбетов пен облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Мұратжан Қажғалиев қатысып, ауыл тұрғындарына сапалы қызмет көрсетілетінін айтты.
Қазіргі кезде Сағада 500, ал Қожасай ауылында 270-тен астам тұрғын бар.