Мереке күндері облыстық полиция департаменті күшейтілген режимде жұмыс істеді. Тәртіп сақшылары қоғамдық тыныштықты күзетіп, жол қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Демалыс уақытында облыс аумағында 56 қылмыс тіркелді.

Нақтырақ айтсақ, 7 жеке мүлікті ұрлау, 10 алаяқтық және 3 бұзақылық дерегі әшкереленді. Сонымен қатар, бұрын жасалған 9 қылмыстың беті ашылған.