Ауған соғысының ардагерлері бүгін қаладағы әскери бөлімге барды. Мұнда Отан алдында борышын өтеп жүрген сарбаздармен, қызметтегі әскерилермен жүздесті. Кездесуде көтерілген тақырып баршаға ортақ.
Антқа адал болу. Мұны әскерде жүріп ел қорғаған аға ұрпақ та, бейбіт заманның жауынгерлері де жақсы түсінеді.