Бекқұл баба 1, 2 тұрғын алаптарындағы 9 шақырым жолға қиыршық тас төселеді. Ал ондағы тұрғындардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдай жақсарту мақсатында 28 жобаны жүзеге асыру көзделіп отыр. Бұл жұмыстар "Халық қатысатын бюджет" бағдарламасы аясында іске аспақ. Сонымен қатар, тұрғын алапта жарықтың үнемі өшіп қалуы мен шет аумақтарға қоғамдық көліктің қатынамауы елдімекен тұрғындарын алаңдатып отыр. Өзге де мәселелер бүгін Алматы ауданы әкімімен кездесуде айтылды.