Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованың облыстық мемориалды музейінде сала ардагері Айша Өтеулинамен кездесу өтті.
Кеш иесінің 70 жасқа толуына орай ұйымдастырылған маңызды шарада, оның музей қорына енгізген тарихи жәдігерлері мен батыр ару жайындағы тың еңбектері талқыланды.
Тарихи тұлғаны таныту жолындағы ізденістері сөз болды.