Ғылым және жоғары білім министрлігі қабылдаған "Жас ғалым" бағдарламасы шеңберінде Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің 5 жас оқытушысы баспана кілтіне ие болды. Биыл тағы 27 адам құжаттарын әзірлеген. 


Бұл ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысатын білімді, қабылетті жастарға үлкен қолдау дейді жоғары оқу орнының өкілдері. Қазір аймақтағы іргелі оқу орнында 600-ге тарта оқытушы болса, оның тең жартысының ғылыми атақ-дәрежесі бар. 


Атап айтсақ, 27 ғылым докторы, 200-дей кандидат, 80-ға тарта PhD-доктор жұмыс істейді. Өткен жылдың өзінде 11 ғалым докторлық диссертация қорғаған. Бүгінгі таңда университетте 14 мың студент білім алып жүр.