Ауған соғысына бір жарым мыңнан астам ақтөбелік қатысты. 30-ға тарта сарбаз өзге елде өжеттілікпен өмірлерін қиды. Жарақат алып, арбаға таңылғандары қаншама...


10 жылға созылған сол зұлмат күндердің аяқталғанына отыз жылдан аса уақыт өтсе де, оның зардабын тартып отырған отбасылар арамызда әлі де бар.  


Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылған күніне орай №1 орта мектепте интернационалист- жауынгерлермен кездесу өтті.